Ұлттық спорт
Спорт • 29 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақшылар жасақталды
Биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында осы айдың 17-28 күндері аралығында Алматыдағы олимпиадалық дайындық орталығында садақ атудан ұлттық құраманың 24 спортшысы оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 20 Наурыз, 2024
Ту ілген бүркітті Президенттің алдында ұшыруды армандаймын – құсбегі
Он күн тойланатын биылғы Наурыз мерекесі аясында бекітілген Ұлттық спорт күніне орай осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш рет көк байрағымызды ілген бүркітті самғатып, рекорд орнатқан құсбегі Ғабит Таңатовпен сұхбаттасқан едік.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024
Көкпар, аударыспақ, теңге ілу. Елордада ұлттық спорт күні қалай атап өтілді?
Бүгін Қазақстан азаматтары алғаш рет Ұлттық спорт күнін атап өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2024
Елімізде 620 мыңға жуық адам ұлттық спортпен шұғылданады
Статистикалық дерекке сәйкес, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2022 жылы ел бойынша Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адамды құраса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 05 Наурыз, 2024
Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеушілер, «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезінде «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді.
Форум • 19 Ақпан, 2024
Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
Антальяда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын артып келеді.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
Дүниежүзілік ойынға дайындық барысы талқыланды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы туралы кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 29 Желтоқсан, 2023
Ұлттық спорт бойынша үздік аймақтар анықталды
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы 2023-жылдың қорытындысы бойынша аймақтардың рейтингін жариялады. Биыл ұлттық спортты жанына серік еткендер 11 спорт түрінен сайысқа түсті. Жыл басынан бастап ұлттық спорт түрінен жекелеген ішкі чемпионаттар, кубок бәсекелері, ұлттық спорт фестивалі, халықаралық жарыстар мен әлемдік додалар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Көшпенділер ойынына дайындық талқыланды
Астанада Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен Ұлттық спорт түрлерін дамыту және 2024 жылға арналған міндеттер бойынша алқалы жиын өтті. Басқосуда келесі жылы Астанада ұйымдастырылатын 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Қазан, 2023
Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогі өтіп жатыр
Бүгін Ақтөбе қаласында ересектер арасында ұлттық спорт – асық ату бойынша Қазақстан кубогі басталды. Дүбірлі дода 1 қарашаға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2023
Егемен ел болғалы жоғалтқанымызды іздеп тауып, ұмытуға шақ қалған ұлттық ойындарымыз қайта жаңғырды. Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы ұлттық ойынның 300-дей түрі болғанын жазса, қазір оның 20-дан астамы ғана халық жадында сақталған. Осыдан-ақ оларды ұлықтаудың қажет екені айтпаса да түсінікті. Ауыл-аймақтарда, республика көлемінде жарыстар өткізіліп келеді. Тіпті халықаралық деңгейде де дүбірлі додаларда спортшыларымыз сынға түсіп жатыр. Дегенмен де кейбір өңірлерде ұлттық спорттың насихаты кем болып тұр.
Ұлттық спорт • 11 Қыркүйек, 2023
Елордада құсбегіліктен халықаралық турнир өтеді
Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2023
Түркістандықтар жеңімпаз атанды
Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Ұлттық спорт түрлері федерацияларының ұйымдастыруымен 4 қыркүйек күні елорда төрінде басталған Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі аяқталды.
Ұлттық спорт • 04 Қыркүйек, 2023
Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль басталды
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директоры Бақдаулет Сәбитов аталған фестиваль нәтижесінде үздік үш өңір анықталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Орталық коммуникациялар қызметі сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Елімізде 6 856 тоғызқұмалақ үйірмесі бар
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Қазақстандағы тоғызқұмалақ спортының көрсеткіштері жайлы ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Шілде, 2023
Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді
Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға артты. Мәселен, 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл көрсеткіш 584 мың адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 17 Мамыр, 2023
Моңғолияда қазақ ұлттық спорт түрлері жаңа қарқынмен дамиды
Бүгін ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Моңғолия Халық Республикасы Қазақ Ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Ром Әуесханмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 06 Ақпан, 2023
Қазақстан спортшысы Түркияда бес асықтан күміс медаль жеңіп алды
Павлодар облысының тұрғыны Мерей Сүлеймен 15 жасынан бастап бес асық ұлттық ойынымен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2023
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауымдастықтың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 26 Қыркүйек, 2022
Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 53 спортшы қатысады
29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Аталған жарыста Қазақстан намысын 53 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2022
Қапшағайда Ұлыстың ұлы күніне орай бәйге өткізілді
Бәйге Қапшағайға қарасты Қосқұдық ауылында өткен. Аталмыш додада елдің түкпір-түкпірінен жиналған бәйге жылқылар сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Тамыз, 2021
Ұлттық спорт жампоздарының жарысы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұлттық спорт түрлерінен республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Тамыз, 2021
Литвада тоғызқұмалақ федерациясы құрылды
5 тамызда Литваның астанасында Балтық өңіріндегі алғашқы тоғызқұмалақ федерациясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2021
Көкшеде «Ұлы дала рухы» дүбірледі
Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі басталды. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2021
Ұлттық спорт түрлері мектеп бағдарламасына енгізіледі
Мәдениет және спорт министрлігі қазақ күресі спортын дамытуда бірқатар жұмыстар жүргізуде. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Білім және ғылым министрлігімен тығыз жұмыстар жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.